locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ла Лига клубының шабуылшысы 8,5 жылға сотталды: зорлау ісі

Жәбірленушіге өтемақы – 64 мың еуро
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images

«Эльче» футболшысы Рафа Мир зорлау дерегі бойынша сегіз жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Marca газетінің мәліметінше, Мир жыныстық зорлық пен дене жарақатын келтіру ісі бойынша кінәлі деп танылды.

Зорлау ісіндегі екінші айыпталушы жеңілірек жаза алды – ол екі жылға бас бостандығынан айырылып, моральдық құндылықтарға тіл тигізгені үшін сотталды.

Айта кету керек, бұл үкім әлі заңды күшіне енген жоқ – Рафа Мирдың сот шешіміне шағымдануға мүмкіндігі бар. Одан бөлек, футболшы 64 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Өзінің кәсіби мансабында Мир «Валенсия», «Севилья», «Вулверхэмптон», «Ноттингем Форест» және өзге де еуропалық клубтардың жейдесін киген. Қазіргі таңда испан шабуылшысы 28 жаста.

Оқиға тарихы

2024 жылдың қыркүйек айының басында шабуылшы екі әйелге – 21 жастағы Андреа мен 25 жастағы Карлаға қатысты жыныстық зорлық жасады деген күдікпен ұсталды. Зардап шеккендердің бірі берген түсініктемеде қылмыс футболшының үйіндегі жеке кеште жасалғанын айтады. Қыздар Мирмен түнгі клубта танысып, кейін кешке бірге барған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie