locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик Ресей күнімен құттықтаудан кейін Әлем құрамасына енді

Қазақстандық теннисші алғаш рет Laver кубогы құрамына кірді
Теннис
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: atptour.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлем құрамасы сапында Еуропаға қарсы Laver кубогында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Александр Бубликпен қатар әлем құрамасының сапына Тейлор Фритц (АҚШ, әлемдік рейтингте 9-орын), Алекс де Минаур (Аустралия, 6-орын) және Бен Шелтон (АҚШ, 5-орын) енді.

«Александр Бублик Лондонда өтетін Laver кубогындағы дебютіне дайындалып жатыр. Жыл басында керемет өнер көрсетіп, ATP рейтингінде мансабындағы ең жоғары 10-орынға көтерілген Бублик әлем құрамасына Фриц, де Минаур және Шелтонмен бірге қосылады», - деп атап өтті турнирдің баспасөз қызметі.

Әлем құрамасының қарсыластары – Еуропа командасы. Оның сапында Карлос Алькарас (Испания, 2-орын), Александр Зверев (Германия, 3-орын), Флавио Коболли (Италия, 10-орын) және Якуб Меншик (Чехия, 16-орын) бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы өзінің Telegram-арнасындағы жазылушыларын Ресей күнімен құттықтап, мерекелік хабарлама жариялаған еді.

Laver кубогы дегеніміз не?

Laver кубогы – жыл сайынғы халықаралық ерлер арасындағы теннис турнирі. Онда Еуропа және Әлем командалары (соңғысы еуропалық емес елдердің ойыншыларынан құралған) жабық кортта күш сынасады. Жарыс US Open біткеннен кейін екі аптадан соң өткізіледі, турнирдің өтетін орны жыл сайын өзгереді.

Ойыншылар рейтингтеріне қарай қатысқаны үшін кепілдендірілген сыйақы алады, ал жеңімпаз команда мүшелерінің әрқайсысы 250 000 АҚШ доллары көлемінде жүлде алады.

Турнир нәтижелері ATP рейтингіне әсер етпейді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie