«Қайсардың» бұрынғы ойыншысы бар болғаны 27 жасында көз жұмды
27 жасында «Қайсардың» бұрынғы қорғаушысы Бен Азиз Загре өмірден өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Буркина-Фасо ұлттық құрамасының өкілі 7 маусым күні, 2025 жылдың сәуірінде анықталған онкологиялық аурудың салдарынан қайтыс болды. Қорғаушының қайтыс болғанын оның агенті Дмитрий Селюк хабарлады:
«Өкінішке орай, кеше Загре өмірден өтті. Өте қайғылы хабар. Бір жыл бұрын неміс дәрігерлері оған өмір сүруге аз уақыт қалғанын, ата-анасымен қоштасуға ғана үлгеретінін айтқан еді. Ол химиотерапиядан өтіп, ең болмағанда өз үйінде дүниеден өтті», — деді Селюк.
- Сондай-ақ оқыңыз: Ойын аяқталмады: Эриксен Украинамен матчта есінен танып қалды
Загре 2023 жылы «Қайсар» сапында 23 ойын өткізіп, үш гол соқты. Оның соңғы клубы «Шинник» болды, ал 2016 жылы Буркина-Фасо құрамасында бір матчқа қатысты.
Бұл екі клубтан бөлек, ол Еуропада Данияның «Эсбьерг» және Португалияның «Витория» клубтарында да ойнаған.
