Айбек Оралбай бокстан әлем кубогында қарсыласын тас-талқан етті
Америкалықты 5:0 есебімен толық басымдықпен жеңді
Бокс
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: КФБ
Супер ауыр салмақтағы әлем чемпионы Айбек Оралбай 1/8 финалда америкалық боксшы Найджел Райтпен қолғап түйістірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қарсыласы алға ұмтылып, белсенділік танытқанымен, қазақстандық боксшы шеберлігінің арқасында сенімді жеңіске жетті. Есеп: 5:0.
Бұған дейін Серік Теміржанов пен Сабыржан Аққалықов, сондай-ақ Нұрбек Оралбай өз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтаған еді.
World Boxing Әлем кубогы Қытайдың Гуйян қаласында 15-21 маусым аралығында өтуде. Турнирге әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысып жатыр.