locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Атырау» мен «Жетісу» жеңімпазды анықтай алмады

Төрт матчқа созылған жеңіліс сериясын екі команда да тең ойынмен тоқтатты
«Атырау» мен «Жетісу» жеңімпазды анықтай алмады
ФОТО: Жетісу ФК
Қазақстан Премьер-Лигасы
01.08.2026, Аяқт.
Атырау
1
Жетісу
1

Қазақстан Премьер-Лигасының 20-турының ойын күніндегі алғашқы кездесу тең нәтижемен аяқталды. «Атырау» мен «Жетісу» 1:1 есебімен ұпай бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алаң иелері алғашқы таймның ортасында есеп ашты. Айып алаңындағы ереже бұзушылықтан кейін белгіленген пенальтиді Қуаныш Қалмұратов сәтті орындады. Үзілістен кейін талдықорғандықтар таразы басын теңестірді. Алаңға қосалқы құрамнан шыққан Шохан Абзалов дәл соққысымен матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Осылайша, екі команда да төрт матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтатқанымен, турнирлік кестедегі жағдайын айтарлықтай жақсарта алмады. 20 турдан кейін «Атырау» мен «Жетісудың» еншісінде 19 ұпайдан бар.

ҚПЛ. 20-тур
«Атырау» – «Жетісу» – 1:1 (1:0)
Голдар:
Қалмұратов, 24 (пенальтиден) – 1:0, Абзалов, 50 – 1:1.

Сонымен қатар, ойын күнінің өзге кездесулерінде «Қызылжар» өз алаңында «Ақтөбені» 3:1 есебімен жеңсе, павлодарлық «Ертіс» қосымша уақыттың 90+14-минутында пенальтиден жеңіс голын соғып, «Каспийді» 3:2 есебімен тізе бүктірді. Бұл павлодарлық клубтың Қазақстан Премьер-лигасындағы қатарынан екінші жеңісі болды.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie