«Ахмат» Самородовқа «Спартакқа» қомақты баға қойды
Грозный клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы үшін 10 млн еуро алғысы келеді
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: «Ахмат»
«Ахмат» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов үшін «Спартакқа» баға қойды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Журналист Иван Карповтың Telegram-арнасының мәліметінше, грозныйлық клуб Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы үшін шамамен 10 млн еуро сұрайды.
Самородовтың жарқын маусымы
Қазақстан құрамасының футболшысы «Ахмат» сапында тамаша маусым өткізді. 23 жастағы қазақстандық барлық турнирде 34 матч өткізіп, бес гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді. Самородов Станислав Черчесовтың командасында сәуір айының үздік ойыншысы деп танылды.
2025/26 маусымының қорытындысы бойынша грозныйлық клуб РПЛ турнир кестесінде тоғызыншы орын алып, 37 ұпай жинады.