locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» Қазақстан құрамасының ойыншысының оралғанын жариялады

Әлібек Қасым ауыр жарақаттан кейін сапқа қайта қосылды
ФОТО: «Астана»

«Астана» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасымның жарақаттан кейін сапқа оралғанын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Алаңға қайта оралғаныңмен, Әлібек Қасым!» – деп жазды елордалық клуб Instagram-дағы жарияланымында.

Еске салайық, Қасым 21 маусымнан бері ойындарға қатыспады. Сол кезде қорғаушы «Ақтөбеге» қарсы матчта жарақат алған еді. Футболшыға бұлшықетінің жыртылуы диагнозы қойылып, осы уақытқа дейін қатардан тыс қалды. Соның салдарынан ол клубы мен Қазақстан құрамасының бірқатар матчтарын өткізіп алды.

Осы маусымда 28 жастағы футболшы елордалық команданың сапында 14 матчқа қатысып, екі гол және екі нәтижелі паспен көзге түсті.

Айта кетейік, Григорий Бабаянның командасы 22 турдан кейін 42 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді. ҚПЛ аясындағы келесі матчын «Астана» 6 қыркүйекте өз алаңында «Елімайға» қарсы өткізеді.

Бұған дейін «Астананың» Forbes тізіміндегі жаңа инвесторға ие болуы мүмкін екенін хабарлаған едік. Елордалық клубтың ықтимал жаңа инвесторы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы танымал кәсіпкерлердің бірі Бахтияр Оспанов болуы мүмкін.

Клубта қазір жүргізіліп жатқан аудит аяқталғаннан кейін бұл мәселе шешілуі мүмкін екені хабарланған.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie