АҚШ – Парагвай. Онлайн көру
13 маусымда АҚШ пен Парагвай құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу D тобында өтеді. Бұл топта АҚШ пен Парагвайдан бөлек Түркия мен Аустралия құрамалары да бақ сынайды.
АҚШ құрамасы Канада және Мексикамен бірге турнирді қабылдап жатқан үш елдің бірі саналады. Америкалықтардың әлем чемпионаттарындағы ең үздік нәтижесі - 1930 жылғы мундиальдағы қола жүлде. Ал қазіргі кезеңдегі басты жетістігі - 2002 жылғы әлем чемпионатының ширек финалы.
Плей-офф кезеңіне шығу үшін АҚШ құрамасы өз тобында алғашқы екі орынның бірін алуы керек.
Әлем чемпионаты қарсаңында АҚШ құрамасы екі жолдастық матч өткізді. Алдымен Сенегалды 3:2 есебімен жеңсе, кейін Германияға 1:2 есебімен жол берді.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді.
Парагвай соңғы бақылау кездесуінде Никарагуаны 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Қызығы, бұл құрамалар жақында ғана кездескен. Өткен жылдың қараша айында өткен матчта АҚШ құрамасы Парагвайды 2:1 есебімен ұтқан болатын.
Матч Астана уақытымен 06:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.