locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Арманым шындыққа айналды»: Покатилов Чемпиондар лигасына шығуы туралы

Қазақстандық қақпашы негізгі кезеңге жолдама алып, жеребе нәтижесі туралы өз әсерімен бөлісті
ФОТО: Сабах

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуы және осы кезеңдегі жеребе нәтижесі туралы өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Еуропадағы ең беделді клубтық турнирдің негізгі кезеңінде қазақстандық қақпашы өнер көрсететін клуб «Барселона», «Арсенал», дортмундтық «Боруссия», «Манчестер Юнайтед», «Наполи», «Вильярреал», пражалық «Славия» және норвегиялық «Викингпен» кездеседі.

«Шындыққа айналған арман. Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алдық. Жанымыздан табылып, бізге сенген баршаңызға рақмет. Бұл – тек бастамасы!», – деп жазды «Сабах» капитаны өзінің Instagram парақшасында.

Валдас Дамбраускас пен Стас Покатиловтың командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде төрт үй және төрт сырт алаңдағы матч өткізеді. «Барселона» Бакуге 25 қарашада келеді. «Сабахтың» толық ойын кестесімен осы жерден танысуға болады.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчта «Сабах» қосымша уақытта «Хапоэльді» 5:2 есебімен жеңді.

Алғашқы кездесу Израиль клубының 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталған еді. Осылайша, Покатиловтың командасы екі матчтың қорытындысы бойынша 6:4 есебімен жеңіске жетіп, тарихында алғаш рет басты еурокубок турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie