locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аргентина құрамасы әлем чемпионаты алдындағы ойында Исландияны ойсырата жеңді

Месси ұлттық құрама сапындағы 117-ші голын соқты
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images

Аргентина құрамасы жолдастық кездесуде Исландия ұлттық құрамасын 3:0 есебімен тас-талқан етті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Сегізінші минутта Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Валентин Барко есепті ашты. 72-минутта шабуылшы Лионель Месси пенальтиден дәл соғып, ал 87-минутта матчтың нүктесін қойған Тьяго Альмада есепті ірі көрсеткішке жеткізді.

Кездесуді Росендо Мендоса бастаған төрешілер бригадасы жүргізді, ал матч бейтарап алаңда – АҚШ-тың Оборн қаласындағы «Джордан-Хейр» стадионында өтті.

Аргентина құрамасы алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысады. Аргентиналықтар J тобында Алжир, Австрия және Иордания құрамаларымен бақ сынасады. Исландия бұл турнирге жолдама ала алмады. Аргентина — қазіргі әлем чемпионы, 2022 жылғы турнирдің жеңімпазы.

Месси мансабында барлығы 911 гол соқты. Аргентиналық футболшының еншісінде «Барселона» сапында 672, «ПСЖ»-да 32, «Интер Майами»-де 90 және Аргентина құрамасында 117 гол бар.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie