locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ӘЧ алдында күтпеген оқиға: Мессидің паспорты интернетке тарап кетті

Аргентина құрамасының ойыншылары күтпеген жағдайдың құрбаны болды
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
ӘЧ алдында күтпеген оқиға: Мессидің паспорты интернетке тарап кетті
ФОТО: Getty Images

Аргентина құрамасы мен Лионель Месси ерекше мәліметтердің тарап кетуінің құрбаны болды. Бұл оқиға Исландиямен өтетін жолдастық матчқа дайындық кезінде орын алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Daily Mail басылымының мәліметінше, барлығы өтінім берілген сәтте болған. Әдетте өтінімге паспорттық деректер енгізіледі, бірақ бұл ақпарат БАҚ-қа ашық болмайды. Алайда Аргентина құрамасының протоколы осы мәліметтермен бірге жарияланып, бірден аргентиналық баспасөздің қолына түсті.

Исландия құрамасы өздерінің паспорттық деректерін протоколға қоспағандықтан, олардың мәліметтері жұртшылыққа жария болған жоқ. Бұл қателік үшін жауапкершілік Turkish Airlines демеушілік ететін Road to ’26 компаниясына жүктеліп отыр. Аталған компания АҚШ-та өткен бірнеше жолдастық кездесуді де ұйымдастырған.

Айта кетейік, сол жолдастық матчта Аргентина 3:0 есебімен жеңіске жетті. Месси соңғы 20 минутта алаңға шығып, пенальтиден гол соқты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie