Месси әлем чемпионаты алдында жағдайы туралы айтты
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионаты алдында өткен ресми баспасөз мәслихатында өзінің эмоциясы мен физикалық жағдайы туралы бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Исландияға қарсы жолдастық матчтан кейінгі баспасөз жиынында жұлдызды шабуылшы жақында алған жарақатынан кейін психологиялық қысым қатты болғанын, бұл футболға толық көңіл бөлуге кедергі келтіргенін мойындады.
Месси үшін осы ойында алаңға шығу аса маңызды болғанын, бұл арқылы психологиялық кедергіні еңсеріп, өзіне деген сенімділікті қайтара алғанын атап өтті.
«Бүгін алаңға шығуды қатты қаладым, өйткені жарақаттан кейінгі қорқыныштан арылуым керек еді. Бұл туралы ойлауды, денсаулық мәселесіне қайта-қайта оралуымды доғарғым келеді. Дайындығымызды аяқтауға әлі бір апта уақыт бар. Құдайға шүкір, бүгін өзімді тамаша сезіндім», — деп ағынан жарылды Месси.
Айта кетейік, әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина Алжир, Аустрия және Иордания құрамаларымен кездеседі.
Айтпақшы, Opta суперкомпьютері әлем чемпионатының басты фаворитін атады.