Англия құрамасы әлем чемпионатына дайын ба – Тухельдің пікірі
Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухель Орландода өтетін Коста-Рикаға қарсы соңғы жолдастық матч қарсаңында командадағы кадрлық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Бізге әлі де Букайоны сақтықпен қолдану керек, ол наурыздағы жиында жарақат алған еді және клуб маусымында да сол жарақатпен ойнауды жалғастырды. Маусым соңында да ол ойнауға дайын екенін өзі айтты және тамаша өнер көрсетті, бірақ матчтар арасында оның жағдайын бақылауда ұстадық, бұл әлі де жалғасуда. Сондықтан біз оны біртіндеп оптималды формаға жеткізіп жатырмыз», – дейді Тухельдің сөзін ESPN келтіреді.
Оның айтуынша, Нони Мадуэке, Деклан Райс және Эберечи Эзе толық дайын.
«Барлығы жаттығуға қатысты, Букайо да. Әрқайсысы өздерінің дайын екенін көрсетті, сондықтан бізде толық таңдау бар, енді түстен кейін негізгі құрамда кім ойнайтынын және ойыншылар қанша минут ала алатынын шешуіміз керек. Бірақ жігіттер жақсы көңіл-күймен әрі жақсы формада келді», – деді ол.
2026 жылғы әлем чемпионатында Англия L тобында өнер көрсетеді, қарсыластары – Хорватия, Гана және Панама.