Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын білді
Өте мықты қарсыластар, олармен ойнау оңай болмайды
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: УЕФА
15 маусым күні УЕФА-ның штаб-пәтерінде 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионаты-2027 іріктеуінің екінші кезеңінің жеребесі тартылды, онда қарсыластарын Қазақстан құрамасы да білді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Сергей Лабодовскийдің шәкірттері Бельгия, Шотландия және Косовомен бір топқа түсті. Іріктеудің екінші кезеңі 21 қыркүйектен 6 қазанға дейін, сондай-ақ қарашадағы халықаралық матчтар терезесінде өтеді.
- Сондай-ақ оқыңыз: «Қайраттың» қатысуымен өтетін Чемпиондар лигасының жеребесі қашан және қай уақытта болатыны белгілі болды
Еске салайық, үшінші, яғни соңғы іріктеу кезеңіне өту үшін кем дегенде үшінші орын алу қажет. А лигасынан 21 команда және В лигасынан жеті команда жеті топ құрайды, олардың жеңімпаздары турнир иесі ретінде Чехия құрамасына қосылады. Бұл ойындар 2027 жылдың көктемінде өтеді.
