locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы», «Қайрат» және «Ақтөбе» ҚФФ тарапынан жазаланды: салмақты айыппұлдар салынды

Жалпы, 12-тур қорытындысы бойынша бес клубқа жаза қолданылды
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Ордабасы», «Қайрат» және «Ақтөбе» ҚФФ тарапынан жазаланды: салмақты айыппұлдар салынды
ФОТО: «Ордабасы»

Қазақстан футбол федерациясының бақылау, тәртіптік және этикалық комитеті чемпионаттың 12-тур матчтарының қорытындысы бойынша бес КПЛ клубына жаза қолданды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ескертуді тек «Атырау» алды – демеушілік баннерлерді жеткілікті мөлшерде орналастыру регламенті талаптарын сақтамағаны үшін. Қалған төрт клубқа айыппұл салынды.

«Қайсар» жанкүйерлерінің орынсыз әрекеттері және бөгде тұлғалардың стадион ішіндегі техникалық аймақта болуы үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. «Ақтөбе» ойыншыларының тәртіпсіздігі (Оқжетпеспен матчта бес ойыншыға сары қағаз көрсетілді) үшін 100 АЕК-ке айыппұл салынды.

Ең ірі айыппұл «Ордабасыға» салынды. Шымкенттік клуб қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы және дыбыс күшейткіш құрылғыларын қолданғаны үшін 150 АЕК-ке айыппұл төлейді. 12-турдағы қарсыласы «Қайрат» та қаржылай жазаланды – алматылықтар жанкүйерлерінің бейәдеп ұрандары үшін 60 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Барлық «кінәлілер» айыппұлды 8 шілдеге дейін өтеуі тиіс, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie