locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ақыры жүзеге асты: Германия 2014 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-оффына жолдама алды

Германия 2014 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
Ақыры жүзеге асты: Германия 2014 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-оффына жолдама алды
ФОТО: Getty images

Германия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Е тобындағы екінші тур матчында немістер Кот-д’Ивуар құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Кездесудің басты кейіпкері Дениз Ундав болды. Ол екі гол соғып, өз командасына маңызды жеңіс сыйлады.

Осылайша, Германия қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, алты ұпаймен Е тобының көшін бастады. Бұл нәтиже немістерге плей-офф кезеңіндегі орнын алдын ала қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Германия құрамасы үшін бұл әлем чемпионатындағы плей-оффқа 2014 жылдан бергі алғашқы жолдама болды. Бұған дейін 2018 және 2022 жылғы мундиальдарда немістер топтық кезеңнен аса алмаған еді.

Айта кетейік, Германия соңғы рет 2014 жылы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнап қана қоймай, турнир жеңімпазы атанған болатын. Финалда немістер Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, төртінші мәрте әлем чемпионы атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie