locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайраттың» Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі қорытынды орны аталды

Football Meets Data футбол аналитикасы платформасы 30-орынды болжап отыр
ФОТО: Getty Images

Football Meets Data футбол аналитикасы платформасы УЕФА Конференция лигасының негізгі кезеңінде клубтардың қандай орын алатынына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Платформаның болжамына сәйкес, Қазақстан чемпионы 36 команданың арасында 30-орын алып, плей-офф кезеңіне өте алмайды. Рафаэль Уразбахтин командасының үздік сегіздікке ену мүмкіндігі небәрі 2,9%-ға бағаланып отыр. Ал алғашқы 24 команданың қатарына кіру ықтималдығы сәл жоғары – 37,4%.

Еске салайық, жеребе қорытындысы бойынша Рафаэль Уразбахтиннің командасы алты түрлі елдің клубтарымен кездеседі. «Қайрат» Грекияның «Панатинаикосымен», Италияның «Аталантасымен», Румынияның Крайова қаласынан «Университатямен», Нидерландтың «Твентесімен», Швецияның «Мьельбюімен» және Латвияның «Ригасымен» ойнайды.

Конференция лигасының негізгі кезеңінде барлығы 36 клуб өнер көрсетеді. Бұрынғы топтық кезең форматынан айырмашылығы, командалар дәстүрлі топтарға бөлінбейді. Әр қатысушы алты матч өткізеді – үшеуін өз алаңында, үшеуін сырт алаңда.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie