Чемпиондар лигасының 1-іріктеу кезеңіндегі жұптар: «Қайратқа» кімдерді бақылау керек?
Осы жұптардың жеңімпаздарының әрқайсысымен алматылықтар келесі кезеңде кездесуі мүмкін
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: УЕФА
УЕФА штаб-пәтерінде 2026/2027 маусымының Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жеребе нәтижесінде келесі 14 жұп анықталды, олардың жеңімпаздары екінші іріктеу кезеңіне өтетін он командаға қосылады:
- «Сабах» (Әзірбайжан) – «Нью-Сейнтс» (Уэльс)
- «Флориана» (Мальта) – «Шемрок Роверс» (Ирландия)
- «Флора» (Эстония) – «Иберия 1999» (Грузия)
- «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) – «Интер Эскальдес» (Андорра)
- «Тре Фиори» (Сан-Марино) – «Ларн» (Солтүстік Ирландия)
- «Арарат» (Армения) – «Рига» (Латвия)
- «Вардар» (Солтүстік Македония) – «КуПС» (Финляндия)
- «Кауно Жальгирис» (Литва) – «Дрита» (Косово)
- «МЛ Витебск» (Беларусь) – «Университатя Крайова» (Румыния)
- «Петрокуб» (Молдова) – «Эгнатия» (Албания)
- «Борац» (Босния және Герцеговина) – «Левски» (Болгария)
- «Викингур» (Исландия) – «Дьёр» (Венгрия)
- «Қайрат» (Қазақстан) – «Сутьеска» (Черногория)
- «Клаксвик» (Фарер аралдары) – «Атерт Биссен» (Люксембург)
Айта кетейік, осы жұптардың жеңімпаздары «Қайраттың» екінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластарына айналуы мүмкін. Егер алматылықтар екі матч қорытындысы бойынша «Сутьескадан» өте алмаса, олар Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне түседі.
Еурокубоктардың екінші іріктеу кезеңінің жеребесі 17 маусымда өтеді.