«Қайрат» «Панатинаикоспен» матчтың бірінші таймында сәтсіз өнер көрсетті
22 қазанда алматылық «Қайрат» УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі жолын гректің «Панатинаикосына» қарсы матчпен жалғастыруда, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойынның алғашқы бөлігі Рафаэль Уразбахтин шәкірттері үшін суық душқа айналды. Алаң иелері 24-минутқа дейін Висенте Таборда мен Сирил Дессерстен екі гол жіберіп алды.
Ойынның 30-минуты аяқталар тұста доп Темірлан Анарбековтің қақпасына тағы бір рет түсті, алайда офсайдқа байланысты гол есептелмеді.
Осылайша, Уразбахтин командасының екінші таймдағы міндеті аса күрделі: атақтырақ қарсыласынан кем дегенде екі голдың есесін қайтару.
Еске салайық, бірінші турда алматылық команда Латвияның «Ригасымен» сырт алаңда тең ойнады (1:1). Грекиялық клуб турнирдегі алғашқы матчында босниялық «Борац Баня-Луканы» 2:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, турнирдің жалпы кезеңінде «Қайрат» италиялық «Аталантаға», Крайова қаласының румындық «Университатясына», нидерландтық «Твентеге» және швециялық «Мьельбюге» қарсы да ойнайды.