Елена Рыбакина Нинбодағы турнирде бір матч үшін қанша табыс тапты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алып, қомақты жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Үздік сегіздікке шыққаны үшін спортшы 33 475 доллар (15 миллион теңгеден астам) алады. Сонымен қатар бұл нәтиже оған рейтингтік 108 ұпай береді.
Екінші айналымдағы матчта Рыбакина әлемдік рейтингте 105-орында тұрған Өзбекстан өкілі Полина Кудерметоваға қарсы ойнады.
Есеп 0:3 болып тұрған кезде Өзбекстан өкілі физиотерапевтті шақырды, ал кейін кездесуді жалғастыра алмады. Матчтан бас тартар алдында Кудерметова жылап жіберді.
Тағы екі гейм ұтылғаннан кейін қазақстандық теннисшінің қарсыласы матчтан бас тартты. Кездесу небәрі 33 минутқа созылды.
Жарыс 19-25 қазан аралығында хард корттарда өтеді. Жалпы жүлде қоры 1,2 миллион долларды құрайды.
23 қазанда өтетін ширек финалда қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 128-орында тұрған польшалық Катажина Кавамен кездеседі.
Рыбакина Нинбодағы турнирдің келесі айналымына қарсыласының матчтан бас тартуынан кейін шықты