locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакинаның Нимбо турниріндегі келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық теннисші польшалық Катажина Кавамен кездеседі
Теннис
ФОТО: Getty Images

Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

23 қазанда өтетін ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы WTA рейтингінде 128-орында тұрған польшалық теннисші Катажина Кавамен кездеседі.

Екінші айналымда Кава 14-нөмірмен seed алған швейцариялық Белинда Бенчичті 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Нинбо турнирінің ширек финалындағы барлық жұп:

  • Сара Бейлек (Чехия, WTA рейтингінде 32-орын) — Мари Боузкова (Чехия, 26-орын);
  • Лейла Фернандес (Канада, 30-орын) — Екатерина Александрова (Ресей, 33-орын);
  • Ива Йович (АҚШ, 12-орын) — Диана Шнайдер (Ресей, 13-орын);
  • Елена Рыбакина — Катажина Кава (Польша, 128-орын).

Еске сала кетейік, Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастады. Оның қарсыласы әлемнің 105-ракеткасы Полина Кудерметова болды. Қазақстандық теннисші алғашқы бес геймді қатарынан жеңіп, есепте сенімді алға шықты. Алайда одан кейін Өзбекстан өкілі денсаулығына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie