Курьез: УЕФА «Ордабасы» қақпашысын «Қайратқа» жіберіп қойды
«Қайрат» пен гректің «Панатинаикосы» арасындағы Конференциялар лигасы жалпы кезеңінің екінші туры басталмай жатып курьезді жағдай тіркелді, деп хабарлайды Sports24.kz.
УЕФА «Ордабасы» қақпашысы Бекхан Шайзаданы «Қайратқа» жіберіп қойды. Ұйымның нұсқасына сәйкес, 28 жастағы қақпашы құрамдар жарияланған кезде Алматы командасының «қосалқы құрамында болып шыққан».

Айта кетейік, «Панатинаикосқа» қарсы матчтың алғашқы таймы Рафаэль Уразбахтин шәкірттері үшін суық душпен аяқталды. Алаң иелері 24-минутқа дейін Висенте Таборда мен пенальтиді сәтті орындаған Сирил Дессерстің голдарына жауап бере алмады.
Ал екінші таймның басында алаң иелері үшінші голды жіберіп алды. Десерс дубль жасап, Алматыдағы матч жеңімпазына қатысты интриганы біржола жойды.
Айта кетейік, Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде «Қайрат» италиялық «Аталантамен», Крайовадан келген румыниялық «Университатеймен», нидерландтық «Твентемен» және швециялық «Мьельбюмен» де кездеседі.