Пенальти мен VAR: Австрия 2026 жылғы ӘЧ матчында Иорданиядан басым түсті
16-нан 17 маусымға қараған түні 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің 1-турындағы Австрия мен Иордания құрамалары арасындағы матч аяқталды. Кездесу австриялықтардың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Австрия – Иордания кездесуінде есепті 21-минутта германиялық «Вердер» ойыншысы Романо Шмидт ашты.
Екінші таймның басында, 50-минутта, иорданиялық Али Олван таразы басын теңестірді. Алайда 67-минутта Марко Арнаутович австриялықтарды қайтадан алға шығарғанымен, VAR жүйесі голды қолмен ойнағаны үшін есепке алмады.
Дегенмен, 10 минуттан кейін Австрия құрамасы заңды, екінші голын соқты – бұл гол автогол ретінде тіркелді.
Қосымша уақыттың соңында төреші иорданиялықтардың айып алаңында қолмен ойнағанын анықтап, олардың қақпасына пенальти белгіледі. Оны Марко Арнаутович сенімді түрде орындап, есеп айырмасын ұлғайтты.
Айта кетейік, Австрия әлемдік рейтингте 24-орында, ал Иордания 63-орында тұр.