locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ахуал сын көтермейді: «Астана» ойыншылары ереуіл бастады

Жалақының төленбеуі футболшыларды батыл әрекетке баруға мәжбүр етті
Ахуал сын көтермейді: «Астана» ойыншылары ереуіл бастады
ФОТО: Астана

«Астана» ойыншылары жалақының ұзақ уақыт бойы кешіктірілуіне байланысты Қазақстан чемпионатының матчтарына қатысудан бас тартатынын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Футболшылардың kazfootball.kz жариялаған үндеуінде ойыншылар қалыптасқан жағдайға соңына дейін түсіністікпен қарауға тырысқаны, алайда кәсібилікті екі тарап та көрсетуі керек екені айтылған. Футболшылар жалақының кешіктірілуі барлық ақылға қонымды шектен асқанын айтып, енді батыл әрекетке көшетіндерін мәлімдеді:

«Жоғарыда айтылғандарға байланысты негізгі команда ұжымы әр ойыншыға кемінде үш айлық жалақы көлеміндегі қолда бар берешекті өтеуді талап етеді. Құрылтайшылар мен Клуб басшылығынан тиісті төлемдерді қысқа мерзім ішінде қамтамасыз етуді сұраймыз.

Талап етілген берешек нақты өтелгенге дейін «Астана» ФК негізгі командасының футболшылары 2026 жылғы Қазақстан Республикасының футболдан чемпионаты маусымының қалған барлық ресми матчтарына қатысудан бас тартады», — делінген футболшылардың клуб құрылтайшылары мен басшыларына жолдаған мәлімдемесінде.

7 қыркүйек күні жасалған үндеуге 21 футболшы қол қойған. Олардың есімдері көрсетілмеген.

Бұған дейін «Астананың» бас директоры Алтай Даумов та 7 қыркүйек ойыншылар алдындағы берешек мәселесін шешу тұрғысынан шешуші күн болатынын атап өткен еді.

Фото: kazfootball.kz
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie