locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Самородов «Ахмат» құрамында Ресей Премьер-лигасы матчында ең жоғары баға алды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Орынборға» қарсы ойынға белсенді араласты
Футбол
ФОТО: kazfootball.kz
Ресей Премьер-лигасы
23.10.2026, Аяқт.
Ахмат
0
Оренбург
1

Грозныйлық «Ахмат» Ресей Премьер-лигасының 12-туры аясындағы өз алаңындағы матчта «Орынбордан» минималды есеппен жеңілді (0:1), деп хабарлайды Sports24.kz.

Грозныйлық команданың форварды Максим Самородов ойынға 77-минутта қосалқы құрамнан шықты. Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Орынборға» қарсы кездесуге белсенді араласып, «Ахмат» сапында ең жоғары бағаға ие болды.

livescore статистикалық порталының бағалауынша, Самородовтың ойыны 7,0 баллға лайық деп танылды. Самородов қарсылас айып алаңында үш рет допқа тиіп, өзіне екі фол жасатты, үш маңызды пас берді және алты пасын дәл орындады (дәлдік көрсеткіші – 83%).

Осы маусымда 24 жастағы форвард барлық турнирде 13 матч өткізіп, 1 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді. Алайда Самородов Ресей чемпионатында әлі гол соққан жоқ.

РПЛ-дің 12 турында 11 ұпай жинаған «Ахмат» турнир кестесінде 13-орында тұр. Чемпионаттағы келесі матчта Станислав Черчесов шәкірттері 31 қазанда мәскеулік «Динамоға» қарсы ойнайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie