locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: Бубликтің Хачановпен матчта қалай жарқын камбэк жасағаны

Қазақстандық теннисші алғашқы партияда жеңіліп, кейін екі сетте жеңіске жетті
Теннис
ФОТО: instagram.com/almatyopen

Александр Бублик жігерлі жеңіске жетіп, Almaty Open турнирінің ширек финалында ресейлік теннисші Карен Хачановтан басым түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алғашқы партия ресейлік теннисшінің пайдасына аяқталды: Хачанов 6:4 есебімен мықты болды. Алайда осыдан кейін Бублик мінез көрсетіп, екі сетте де тай-брейкте жеңіске жетті. Қарсыластар кортта 2 сағат 28 минут өткізді.

Almaty Open турнирінің финалына шығу жолында қазақстандық теннисші тағы бір ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі. Жартылай финалдық кездесу сенбі, 24 қазанда өтеді. Матч Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Назарларыңызға Almaty Open турниріндегі Бублик пен Хачанов арасындағы матчтың бейнешолуын ұсынамыз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie