ҚПЛ клубының бапкері командадан күтпеген жерден кетті. Не болды?
Владимир Слишкович отбасылық себептерге байланысты «Жеңіспен» қоштасты
Футбол
ФОТО: kazfootball.kz
Владимир Слишкович елордалық «Жеңіс» клубының бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ресейлік инсайдер Анар Ибрагимовтің хабарлауынша, босниялық маман отбасылық себептерге байланысты Қазақстаннан кеткен. 21 қазанда Мәскеудің «Спартак» және «Оренбург» клубтарының бұрынғы бас бапкері қазақстандық командамен қоштасты.
Слишкович «Жеңісті» 2026 жылдың тамыз айында басқарды. Қазіргі таңда елордалық команда ҚПЛ турнирлік кестесінде 32 ұпаймен 10-орында тұр.
Айта кетейік, қазақстандық БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, украиналық маман Андрей Демченко балқандық бапкердің орнына «Жеңістің» бас бапкері болуы мүмкін.
Елордалық команда ҚПЛ аясындағы келесі матчын 24 қазанда «Ордабасына» қарсы өткізеді.