locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бәріміз күтіп отырмыз»: Бабаян «Астанаға» инвестор іздеу туралы

Елордалық клубтағылардың барлығы күту және үміт режимінде
ФОТО: «Астаны»

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян елордалық клубқа жаңа инвестор іздеу жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Біздің мәселелеріміз әлі шешілген жоқ, бәріміз күтіп отырмыз — қазір бірдеңе болып, көптен күткен инвесторымыз пайда болып, бүгінгі мәселелеріміздің ең болмаса жартысын, ең болмаса бір бөлігін шешсе екен дейміз. Өйткені әлі де шешілмеген мәселе көп, мұның бәрі, әрине, қысым көрсетіп тұр.

Біз жақсылықтан үміттіміз. Әрине, белгісіздік бар. Жоғары жақта не болып жатқанын нақты білмейміз. Біз тек шешімді күтіп, жақын арада бәрі шешіледі деп үміттеніп отырмыз, өйткені бұл жағдай тым ұзаққа созылып кетті. Дегенмен, «Астана» — жай ғана қарапайым команда емес, оған лайықты қарым-қатынас қажет. Қазір осыншама уақыт бойы инвесторсыз жүргенімізге ешкім сене алмайды.

Сондықтан оң шешім болады деп үміттенеміз. Әрине, бәрінің қысқа мерзімде шешілгенін қалар едік, өйткені маусымның аяқталуына іс жүзінде екі апта ғана қалды. Қазір бізге айқындық қажет. Жиындарға қатысты жоспар құруымыз керек — желтоқсанда «Астана Аренада» оқу-жаттығу жиынын өткізгіміз келеді, екі айлық ұзақ үзіліс жасағымыз жоқ. Қаңтар және ақпан айларындағы жиындар, сондай-ақ команданы жасақтау — мұның бәрі өте маңызды. Сондықтан біз күтіп отырмыз», — деп бапкердің сөзін Sports.kz келтіреді.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында «Астана» өз алаңында Ақтау қаласының «Каспий» командасын қабылдап, 2:2 есебімен тең түсті. Елордалық команда 52 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде үшінші орынға нық орналасты. Маусымның аяқталуына екі тур қалғанда «Оқжетпестен» төрт ұпайға ұзап кетті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie