locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: Бублик қазақ тілінде жанкүйерлерге үндеу жасады

Қазақстанның бірінші ракеткасы мінез көрсетіп, Алматыдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Теннис
ФОТО: Getty Images

Александр Бублик Almaty Open турнирінің ширек финалында Карен Хачановты жеңгеннен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Достар, баршаңызға сәлем! Алматыдағы алғашқы жеңісім, рақмет сіздерге! Рақмет!», - деді Бублик матчтан кейін камераға.


Алғашқы партия Хачановтың пайдасына аяқталды: ол 6:4 есебімен жеңіске жетті. Алайда осыдан кейін Бублик мінез көрсетіп, тай-брейкте екі рет басым түсіп, қатарынан екі сет ұтып алды. Кездесу 2 сағат 28 минутқа созылды.

Almaty Open турнирінің финалына шығу үшін қазақстандық теннисші тағы бір ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі. Жартылай финалдық матч сенбі, 24 қазанда өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Еске салайық, Бублик Almaty Open турнирінің ширек финалына қарсылассыз шыққан еді. Оның екінші айналымдағы қарсыласы, венгриялық Фабиан Марожан матчқа қатысудан бас тартты.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie