locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

GTA 6 радиосынан әзербайжандық орындаушылардың әні шырқалады

Rockstar Games-тің жаңа ойынының саундтрегіне Әлім Қасымов пен оның қызы Фарғананың орындауындағы ерекше кавер енді
Басқа спорт түрлері
GTA 6 радиосынан әзербайжандық орындаушылардың әні шырқалады
ФОТО: oxu.az

Әзербайжан музыкасы Grand Theft Auto VI (GTA 6) ойынындағы радиолардың бірінен орын алды. Көптен күткен ойынның саундтрегіне канадалық әнші Нелли Фуртадоның Say It Right әнінің ерекше нұсқасы енді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әнді Әзербайжанның халық әртісі Әлім Қасымов пен оның қызы Фарғана Қасымова орындады. Олар танымал поп-хитті дәстүрлі әзербайжандық вокал өнері — мугам стилінде жаңаша ұсынды.

«Фарғана Қасымовамен бірге орындаған Say It Right әніміз Grand Theft Auto VI ойынының бір көрінісінде шырқалды. Ән Rockstar Games-пен ресми ынтымақтастығымыз аясында пайдаланылатынын тыңдармандарымызға хабарлағымыз келеді», - деді өнер иесі.

Каверді Kaleidoscope FM радиостанциясынан тыңдауға болады. GTA 6 ойынында бұл радиостанция әртүрлі елдердің музыканттары орындаған әлемге әйгілі әндердің ерекше нұсқаларын ұсынады.

Бір қызығы, бұл жазба ойын жарыққа шықпай тұрып-ақ жасалған. Қасымовтар Say It Right әнінің өз нұсқасын бірнеше жыл бұрын Bizimkilər музыкалық жобасы аясында ұсынған еді. Енді GTA 6 саундтрегіне қосылуының арқасында композицияны жаңа тыңдарман қауымы ести алады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie