Асу Алмабаев — Кёдзи Хоригути: UFC жекпе-жегін онлайн көру
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев Катардың Доха қаласында өтетін UFC Fight Night 294 турнирінде жапониялық Кёдзи Хоригутиге қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жекпе-жек сенбі, 21 қарашада өтеді. Қазақстандық және жапониялық файтер октагонға Астана уақытымен шамамен 23:20-да шығады. Тікелей эфирді мына сілтеме арқылы көруге болады.
Алмабаев бұл жекпе-жекке 24 жеңіс және үш жеңіліс көрсеткішімен келеді. UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде ол жетінші орында тұр.
Оның қарсыласы Кёдзи Хоригутидің еншісінде 36 жеңіс пен алты жеңіліс бар. Ол рейтингтің бесінші сатысында орналасқан.
Қазақстандық файтер соңғы рет 2026 жылғы маусымда октагонға шықты. Сол кезде ол америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта ауырту әдісімен жеңді. Хоригути соңғы жекпе-жегінде португалиялық Манел Капеге үшінші раундта нокаутпен есе жіберді.
Айта кетейік, UFC алдағы кездесуді титулға үміткерді анықтайтын жекпе-жек ретінде қарастырып отыр. Жеңіс файтерлердің бірін чемпиондық белбеуге жақындата түсуі мүмкін.