locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ұлттар лигасының барлық ширек финалисі анықталды

Норвегия ширек финалға берілетін соңғы жолдаманы жеңіп алды
Футбол
Ұлттар лигасының барлық ширек финалисі анықталды
ФОТО: Getty images

УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымында топтық кезең аяқталды. Алты турдың қорытындысы бойынша көктемде турнирдің бас жүлдесі үшін таласатын сегіз құрама белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ширек финалға соңғы болып Норвегия құрамасы жолдама алды. Алтыншы турдағы шешуші кездесуде скандинавиялықтар сырт алаңда Данияны 3:2 есебімен жеңді. Алаң иелері 14-минутқа дейін екі гол соғып үлгергенімен, норвегиялықтар таразы басын өз пайдасына аудара білді. Қосымша уақытта пенальтиді дәл орындаған Эрлинг Холанд командасына жеңіс сыйлады.

Осы нәтижеден кейін Норвегия тоғыз ұпай жинап, А4 тобында екінші орынға тұрақтады. Ал соңғы турда Уэльсті 3:2 есебімен ұтқан Португалия 15 ұпаймен топ көшбасшысы атанды.

Ұлттар лигасы-2026/27: ширек финалға шыққан құрамалар

Топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтаған Франция, Германия, Англия және Португалия ширек финалға жолдама алды.

Ал Бельгия, Нидерланд, Испания және Норвегия өз топтарында екінші орын алып, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

Ширек финалдың жеребесі 20 қарашада тартылады. Топ жеңімпаздары жеребе кезінде себет басына орналасып, екінші орын алған құрамалармен кездеседі. Дегенмен бір топта өнер көрсеткен командалар бұл кезеңде өзара ойнамайды.

Ширек финал матчтары 2027 жылдың 25–30 наурызы аралығында өтеді. Қарсыластар өз алаңында және сырт алаңда бір-бір кездесуден өткізеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша финалдық кезеңге жолдама алатын құрамалар анықталады.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын қалай аяқтады?

С лигасында өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасы С3 тобында соңғы, төртінші орын алды. Алты кездесуде бірде-бір жеңіске жете алмаған отандастарымыз үш рет тең түсіп, үш ойында қарсыластарына есе жіберді.

Нәтижесінде үш ұпай еншілеген Қазақстан Словакия (12 ұпай), Фарер аралдары (8 ұпай) және Молдовадан (7 ұпай) кейінгі орынға тұрақтады.

Джон ван ’т Схип жаттықтыратын ұлттық құрама соңғы кездесуін 16 қарашада Словакияға қарсы өткізді. 2:2 есебімен аяқталған ойын қазақстандықтардың турнир кестесіндегі жағдайына әсер еткен жоқ.

Дегенмен соңғы орынға тұрақтағанына қарамастан, Қазақстан төменгі дивизионға түспейді. Биылғы жарыс ережесіне сәйкес, С лигасының топтарында үшінші және төртінші орын алған командалар өз дивизионында қалады.

Осылайша Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының келесі маусымында да деңгейі жағынан үшінші саналатын С лигасында өнер көрсетеді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie