locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Михаил Шайдоров бапкерімен қоштасқанын мәлімдеді

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Алексей Урмановқа он жылдық бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты
Басқа спорт түрлері
Михаил Шайдоров бапкерімен қоштасқанын мәлімдеді
ФОТО: НОК РК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен ресейлік бапкер Алексей Урмановпен ынтымақтастығының аяқталғанына алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Спортшы Instagram желісінде жариялаған жазбасында тәлімгеріне бірге өткізген жылдары үшін алғыс айтты. Шайдоровтың айтуынша, олардың бірлескен жұмысы ол небәрі 12 жаста болған кезде басталған.

Мәнерлеп сырғанаушы он жыл ішінде жарақаттар мен қиындықтарды бірге еңсеріп, үлкен жеңістерге жеткендерін атап өтті. Сондай-ақ бапкерінің қолдауы мен өз мүмкіндіктеріне деген сенімін әрдайым сезінгенін айтты.

Шайдоров Урмановқа кәсібилігі, білімі және өзін тек спортшы ретінде ғана емес, тұлға ретінде қалыптастыруға қосқан үлесі үшін де арнайы алғыс білдірді.

«Бүгін біз бір кездері армандаудың өзіне батылым жетпеген жетістіктерге қол жеткізген кезеңді аяқтап отырмыз», - деп жазды Олимпиада чемпионы.

Сонымен бірге қазақстандық спортшы қол жеткізгенімен тоқтап қалмайтынын аңғартып, мансабындағы жаңа кезеңге дайындалып жатқанын жеткізді.

«Алға қарай қадам басатын уақыт келді. Алда жаңа тарау бар: онда қиындықтар мен қорқыныш болуы мүмкін, бірақ жаңа мақсаттар мен сын-қатерлер де міндетті түрде болады. Елімді ең жоғары деңгейде лайықты таныстыру үшін бұрынғыдай аянбай еңбек ете беремін», - деді Шайдоров.

Урмановпен ынтымақтастықтың тоқтағаны туралы 19 қарашада белгілі болды. Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ресейлік маманмен келісімшарт бұзылғанын растады. Ал мәнерлеп сырғанаушының жаңа бапкерінің есімі әзірге жарияланған жоқ.

Урмановтың жетекшілігімен Шайдоров 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып, 2026 жылы мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихындағы алғашқы Олимпиада алтынын жеңіп алды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie