Кравец «Барыстың» «Авангардқа» қарсы ойынға арналған құрамын жариялады
21 қарашада ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Астананың «Барысы» сырт алаңдағы екі матчтық сериясын аяқтайды. Қарсыласы — омбылық «Авангард», деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.
«Авангард» - «Барыс»: онлайн көру. ҚХЛ матчының тікелей трансляциясы
Астаналық команданың бас бапкері Михаил Кравец ойынға арналған құрамды жариялады.
«Барыстың» құрамы:
Николаев (Шутов);
Логвин - Пилон - Бэйли, Масси - Дэй;
Симонов - Морелли - Томпсон, Маккошен - Данияр;
Омирбеков - Шестаков - Кайыржан, Бритиков - Приски;
Саркенов - Шайхмедденов - Асетов, Диханбек - Ляпунов.
27 ойыннан кейін «Барыстың» еншісінде 29 ұпай бар. «Авангард» 26 матчтан соң 32 ұпай жинады.
Омбылық команда алдағы кездесуге қатарынан үш жеңіспен келіп отыр. Соңғы матчта «Авангард» өз мұз айдынында владивостоктық «Адмиралды» 3:1 есебімен ұтты. Ал «Барыс» соңғы ойында сырт алаңда мәскеулік «Салават Юлаевқа» 3:5 есебімен жол берді.
Командалар осы маусымда 10 қазанда Астанада кездескен. Сол жолы қазақстандық клуб 5:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.