Ресейде «Қайраттың» «Панатинаикосты» жеңуінің шартын атады
Ресейлік футбол комментаторы әрі сарапшы Никита Пискунов Алматының «Қайратының» УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур аясында гректің «Панатинаикосына» қарсы өтетін алдағы матчтағы мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Ауа райы мен өз алаңы, әрине, «Қайраттың» пайдасына шешіледі. Алайда «Панатинаикос» бұл маусымда Грекия чемпионатында өте жақсы өнер көрсетіп жүр, олардың жеңіліссіз өткен матчтардан тұратын тамаша сериясы болды. Құрамында назар аударуға тұрарлық сапалы ойыншылар бар. Мысалы, оң қапталдағы қорғаушы Давиде Калабрия. Бұл оңай болмайды, бірақ «Қайрат» үшін еурокубоктағы күшін сынайтын жақсы мүмкіндік. «Қайрат» фаворит ретінде көрінбейді, дегенмен команда өзін жақсы қырынан көрсете алады. Барлығы таймдардың орта тұсына байланысты болады: «Қайрат» «Ригаға» қарсы матчтың басындағыдай қарсыласқа прессинг жасай ала ма және ойын соңына дейін күшін сақтай ма? Бірден көзге түскені — «Ригаға» қарсы кездесуде «Қайратқа» қарсыласын алаңның өзге жартысында үнемі қысымға алу үшін күш жетіспеді. Ал «Панатинаикос» — өте көп гол соғатын команда. Оңай болмайды, бірақ Уразбахтиннің бір шешім табатынына сенімдімін», — деді Никита Пискунов.
Еске салайық, «Қайрат» пен «Панатинаикос» арасындағы Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур матчы 22 қазанда Алматыда өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады.
Бұған дейін «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин грек командасының құрамында деңгейі жоғары ойыншылар көп екенін атап өткен еді. Атап айтқанда, «Панатинаикос» сапында еурокубоктарда мол тәжірибесі бар Стефан Де Врей, Иньяки Пенья, Давид Калабрия және Факундо Пеллистри өнер көрсетеді.