Мессимен және Роналдумен кездескен: Қазақстаннан шыққан Азия ойындарының жаңа қаһарманы несімен танымал?
Әли Тұрғанбеков Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Тұрғанбеков 1:44,26 нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды. Жеңімпаз атанған малайзиялық Мұхаммад бин Зулкафли қашықтықты 1:41,44 уақытта жүзіп өтті. Үндістан өкілі Рохит Кумар 1:57,25 нәтижесімен қола медальді жеңіп алды.
Айта кетейік, Әли Тұрғанбеков тек спорттағы жетістіктерімен ғана танымал емес. 2019 жылдың сәуірінде ол сол кезде «Барселона» сапында өнер көрсеткен аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен кездесті. Кездесу барысында қазақстандық футболшыға Қазақстаннан әкелінген шоколад сыйлап, бірнеше естелік суретке түсті.
Кейін Әли аргентиналық жұлдызбен кездесуден алған әсері туралы айтып берді. Оның сөзінше, Месси мен Луис Суарес оған жақындап, қол алысып амандасқан, ал Лионельдің өзі оның басынан сипаған.
Сонымен қатар Тұрғанбеков Диего Марадона, Криштиану Роналду, Неймар және Килиан Мбаппе сияқты басқа да танымал футболшылармен кездескен.
Еске салайық, V Азия Пара ойындары Жапонияда 18-24 қазан аралығында өтеді.