Занғар Нұрланұлы Almaty Open турнирінде бірінші раундтағы матчын өткізді
Қазақстандық теннисші Занғар Нұрланұлы ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінің жекелей сынындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу 21 қазанда Almaty Arena корттарында өтті. 18 жастағы Нұрланұлы турнир ұйымдастырушыларынан арнайы шақырту (wild card) алды. Оның қарсыласы әлемдік рейтингте 72-орында тұрған Томаш Махач болды.
Махач екі сетте 6:2, 6:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Матч 1 сағат 3 минутқа созылды.
Жеңіліске қарамастан, ATP 250 турнирінің негізгі сеткасына қатысу жас қазақстандық теннисші үшін әлемдік рейтингтің үздік жүздігіне кіретін ойыншымен бәсекеге түсіп, құнды тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, Нұрланұлы Almaty Open турнирінің жұптық сынында да өнер көрсетті. Оның серіктесі Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик болды.
Тек Beeline клиенттері Қазақстан бойынша Direct to Mobile технологиясының арқасында Starlink спутниктерімен жұмыс істейтін алғашқы ғарыштық мобильді байланысқа ие бола алады.