locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Нұрбек Оралбай Әлем кубогында мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Оралбай нокаутпен Әлем кубогының ширек финалына шықты
Видео:  Нұрбек Оралбай Әлем кубогында мерзімінен бұрын жеңіске жетті
ФОТО: Getty images

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогындағы жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Ким Гичхэмен кездесті.

Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Оралбай қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, төреші кездесуді тоқтатты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрбек Оралбай турнирдің ширек финалына жолдама алып, келесі кезеңде өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен кездеседі.

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Серік Теміржанов та жарысты жеңіспен бастады. 60 келіге дейінгі салмақта өткен 1/16 финалдық кездесуде ол германиялық Денис Брильді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Еске салсақ, World Boxing Әлем кубогы Қытайдың Гуйян қаласында 15-21 маусым аралығында өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысуда. Бұған дейін қазақстандық боксшылардың турнирдегі жеребесі белгілі болған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie