locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Оралбай Қытайдағы бокс бойынша Әлем кубогында Қазақстанға бесінші «алтынды» алып берді

Қазақстандық спортшылардың жарқын жеңісі
ФОТО: kaztag.kz

Айбек Оралбай Қытайда өткен бокс бойынша Әлем кубогында Қазақстанға бесінші «алтын» сыйлады, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Әлем чемпионы Оралбай финалда 90 кг-нан жоғары салмақта екі дүркін Еуропа чемпионы неміс Никита Путиловпен жолықты.

2025 жылғы Әлем кубогының Астана финалындағыдай, Путиловты тағы да қазақстандық боксшы жеңді. Бұл жолы Айбек Оралбай қарсыласын өте сенімді әрі әсерлі түрде ұтты: төрешілердің бірауызды шешімімен – 5:0.

Бұл алтын – Қазақстан үшін бокс бойынша Әлем кубогындағы бесінші алтын медаль. Бұған дейін елімізге төртінші алтын медальді Санжар Тәшкенбай алып келген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie