Ташкенбай Гуйяндағы әлемдік кубок кезеңінің финалында Өзбекстанның Азия чемпионын тізе бүктірді
Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлемдік кубогының финалында керемет өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports24.kz.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық шайқаста Ташкенбай Өзбекстанның Азия чемпионы Асылбек Жалиловпен қолғап түйістіріп, 3:2 есебімен төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.
Жолында Ташкенбай испаниялық Мартин Молина Сальвадор мен қырғызстандық Анваржан Ходжиевті айқын басымдықпен ұтты.
Айта кетейік, бұл Санжардың бүгінгі өзбек қарсыласын үшінші рет жеңуі. Бұған дейін ол Жалиловты 2022 жылғы Азия чемпионатында және 2024 жылғы «Странджа кубогында» тізе бүктірген болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов Қытайдағы әлемдік кубок финалында сенімді түрде топ жарған еді.