locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы Әлем кубогының медальдар кестесінде Өзбекстаннан озы

Қазақстан бокстан Әлем кубогында Өзбекстанды артта қалдырып, екінші орын алды
Қазақстан құрамасы Әлем кубогының медальдар кестесінде Өзбекстаннан озы
ФОТО: KBF

Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing аясындағы Әлем кубогын бес алтын медальмен аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Финалдық сында алғашқы болып әйелдер құрамасының өкілдері шаршы алаңға шықты. 54 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай Италия боксшысы Сирин Шаарабимен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Тайвань спортшысы Линь Юйтинмен кездесіп, тартысты өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша, ол да турнир чемпионы атанды.

Ерлер арасында 50 келіге дейінгі салмақта Санжар Тәшкенбай Өзбекстан өкілі Асилбек Жалиловпен жұдырықтасып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

70 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов Үндістан боксшысы Дипакқа еш мүмкіндік қалдырмай, 5:0 есебімен айқын басымдық танытты.

90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай Германия өкілі Никита Путиловты 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, Қазақстан қоржынына бесінші алтын медальді салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді сегіз медальмен аяқтады. Оның бесеуі – алтын, үшеуі – қола жүлде.

Жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасы тоғыз медальмен (5 алтын, 1 күміс, 3 қола) көш бастады. Қазақстан бес алтын және үш қола медальмен екінші орынға тұрақтады.

Үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеді. Көрші ел боксшылары төрт алтын, үш күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie