locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина Серена Уильямстың турға оралуы туралы пікір білдірді

Рыбакина аңызға айналған Серена Уильямстың оралуына баға берді
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Рыбакина Серена Уильямстың турға оралуы туралы пікір білдірді
ФОТО: Getty images

Елена Рыбакина Серена Уильямстың кәсіби турға оралуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық теннисші аты аңызға айналған америкалық спортшыны корттан қайта көруге қуанышты екенін айтты.

Рыбакина Серенаның оралуына баға берді

Әлемнің екінші ракеткасының айтуынша, 44 жастағы Уильямстың камбэгі тек теннис үшін ғана емес, жанкүйерлер үшін де үлкен оқиға.

«Бұл бүкіл теннис үшін керемет жаңалық. Меніңше, жанкүйерлер Серенаны қатты сағынды. Осындай ойыншылар біздің спортты ерекше етеді, сондықтан оны корттан қайта көру әрдайым қызық», - деді Рыбакина F1setpoint басылымына.

Айта кетейік, қазіргі таңда Серена Уильямс Лондонда өтіп жатқан WTA 500 турнирінде өнер көрсетуде. Америкалық теннисші жұптық сында канадалық Виктория Мбокомен бірге ойнап жүр.

ФОТО: Getty images

Рыбакина бұған дейін Серенаны жеңген

Қызығы, Елена мен Серена бұған дейін кортта бір рет кездескен.

Олардың жалғыз матчы Roland Garros-2021 турнирінің төртінші айналымында өтті. Сол кездесуде қазақстандық теннисші 23 дүркін «Үлкен дулыға» чемпионын 6:3, 7:5 есебімен сенсациялық түрде жеңген болатын.

Рыбакина енді қай турнирлерде ойнайды

Қазіргі таңда Елена шөптегі маусымға дайындықты жалғастырып жатыр.

Уимблдон алдында қазақстандық теннисші Лондонда өтетін WTA 500 The Queen’s Club Championships турниріне қатысады. Одан кейін Германияның Бад-Хомбург қаласындағы беделді жарықта өнер көрсетеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie