locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Оралбай Қытайдағы Әлем кубогында өзбекстандық әлем чемпионына есе жіберді

Париждің күміс жүлдегері үшін Әлем кубогы 1/4 финалда аяқталды
ФОТО: Getty images

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нурбек Оралбай World Boxing Әлем кубогының кезеңінде ширек финалда өнерін аяқтады. Ол өзбекстандық Турабек Хабибуллаевқа жол берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

90 кг дейінгі салмақ дәрежесінде дебюттік ширек финалға 85 кг-нан ауысқан Оралбай өз деңгейін жоғары көрсетіп, қарсыласынан қалыспады. Алайда соңғы раундта Хабибуллаев аса дәлдік танытып, төрешілер шешімімен 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Алдыңғы кезеңде Оралбай қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, Оңтүстіккореялық Ким Гичхэны техникалық нокаутпен жеңген болатын.

ФОТО: KBF
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie