locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Өзбекстандық төреші 2026 жылғы әлем чемпионатының маңызды матчына төрелік етеді

Ильгиз Танташев бастаған бригада Шотландия – Марокко ойынында жұмыс істейді
ФОТО: Getty Images

42 жастағы өзбекстандық төреші Ильгиз Танташев алғаш рет әлем чемпионатының төрешілер тізіміне енді және оның мундиальдегі дебюттік кездесуі аса беделді матч болмақ, деп хабарлайды Sports24.kz.

Танташев, сондай-ақ Андрей Цапенко мен Тимур Гайнуллиннен құралған бригадаға ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турындағы Шотландия мен Марокко құрамалары арасындағы кездесуді басқаруды тапсырды. Бұл ойын 20 маусымға қараған түні Астана уақытымен 03:00-де АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы стадионда өтеді.

Төртінші төреші қызметін иорданиялық Адхам Махадмех атқарады, ал резервтік ассистенті оның отандасы Мохамад Алкалаф болмақ.

42 жастағы Танташев осыған дейін әлем чемпионаты аясында тек клубтық деңгейде қызмет еткен, өткен жылғы «Флуминенсе» – «Боруссия» Дортмунд және «Интер» – «Ривер Плейт» матчтарында төрелік жүргізген.

Графика: ФИФА
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie