locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина Германиядағы турнирден бас тартты: себебі белгілі болды

Қазақстанның бірінші ракеткасын оң жақ саны мазалап жүр
Рыбакина Германиядағы турнирден бас тартты: себебі белгілі болды
ФОТО: Getty Images

Елена Рыбакина Германияның Бад-Хомбург қаласында өтетін WTA 500 турниріне қатыспайтынын ресми түрде хабарлады, деп жазады Sports24.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы турнир ұйымдастырушылары таратқан мәлімдемесінде оң жақ санының мазалап жүргенін айтты:

«Өкінішке қарай, Бад-Хомбургтегі турнирден оң жақ санымдағы жайсыздыққа байланысты бас тартуыма тура келді. Енді дәрігерлік тобыммен кеңесіп, қосымша тексеруден өтуім қажет, содан кейін ғана болашаққа қатысты шешім қабылдаймын. Түсіністік пен қолдау білдіргендеріңізге рахмет», — делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Рыбакина соңғы алты матчтың төртеуінде жеңіліп қалды. Соңғы кездесуде — филиппиндік Александра Еалаға жол берді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie