Елена Рыбакина Германиядағы турнирдің ширек финалына шыға алмады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және жарыстың екінші нөмірлі теннисшісі атанған қазақстандық спортшы жарысты 1/8 финалдан бастады. Оның қарсыласы WTA рейтингінің 35-орнында тұрған филиппиндік Александра Эала болды.
Кездесу екі сетке созылып, Эаланың жеңісімен аяқталды - 7:5, 6:4. Матч бір жарым сағаттан астам уақытқа жалғасты. Осылайша, филиппиндік теннисші ширек финалға жолдама алса, Рыбакина турнирмен ерте қоштасты.
WTA 500. Берлин (Германия). Шөп жабыны. 1/8 финал
Елена Рыбакина (Қазақстан, 2) - Александра Эала (Филиппин, 35) - 5:7, 4:6
Бұл Рыбакина үшін қатарынан екінші турнирде шешуші кезеңдерге жете алмауымен аяқталды. Бұған дейін қазақстандық теннисші Лондонда өткен WTA 500 Queen’s Club Championships турнирінде өнер көрсетіп, ширек финалда Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерге жол берген еді.