Роналду артта, Месси алда: Кейн маусымдағы үздік сұрмергендер тізіміне екпінмен кірді
Хорватия қақпасына қос доп соққаннан кейін Харри Кейн осы маусымдағы голдар санын 69-ға жеткізді, бұл жетістік ағылшын шабуылшысын әлемдік футбол тарихына енгізді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кейн 21-ғасырдағы маусым ішінде ең көп гол салған ойыншылар рейтингінде екінші орынға шықты. Ол бұл орынды 2011/2012 жылғы маусымдағы Криштиану Роналду және 2012/2013 жылғы маусымдағы Лионель Мессиімен бөліседі, алайда «Бавария» шабуылшысы аз матч өткізгендіктен, ол үздік деп саналады.
- Тағы оқыңыз: Кюрасао құрамасы 2026 жылғы ӘЧ-де рекорд орнатты
Англия құрамасының шабуылшысы тағы бір гол салса, екінші орынға жеке-дара көтеріледі. Алайда 2012/2013 жылғы маусымдағы Лионель Мессидің көрсеткішінен озу үшін әлі біраз тер төгу керек. Аргентиналық ойыншының маусымдағы үздік нәтижесі – 82 гол.
Яғни, жеке көшбасшы атану үшін Кейнге әлем чемпионаты ойындарында бар болғаны... 14 гол соғу қажет.
