Португалиядағы келіспеушілік: футболшылардың сүйіктілері Роналду үшін жанкүйерлерге шүйлікті
Криштиану Роналдудың ДР Конгомен өткен ойынында (1:1) көрсеткен ойыны Португалияда ғана емес, елден тыс жерде де үлкен пікірталас тудырды. Кри Ро жанкүйерлері Жоау Невеш пен Бруну Фернандешті сынға алса, олардың сүйіктілері де жауапсыз қалмады.
ПСЖ ойыншысының сүйіктісі Мадалена Арагау жанкүйермен қызу пікірталасқа түсті.
– Сенің жігітің дамымаған, оған менің үздік ойыншыма пас беруді айт.
– Сенің үздік ойыншыңа футболды тоқтатуға кеңес бер, ол тым эгоист.
«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғанысының көшбасшысының жары Ана Пиньо да күйеуін қорғап, өткір жауап қайтарды:
«Сіздер өздеріңізге қараңыздаршы, менің күйеуіме өлім тілейтіндер. Бұған ұялу керек. Сіздер айтатын «GOAT» тіпті күйеуімсіз өмір сүре алмайды. Ақымақ жанкүйерлер».
Айта кетейік, ДР Конгомен өткен ойын Роналдудың ірі турнирлердегі голсыз сериясын он матчқа жеткізді.