Opta суперкомпьютері АПЛ маусымының ең қиын бастауын алған команданы атады
2026/2027 жылғы АПЛ маусымының күнтізбесі белгілі болды, ал әйгілі Opta платформасының суперкомпьютері оны талдап, маусым басында қай командаға қиындықтар күтіп тұрғанын анықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Маусымның алғашқы бес матчы ең күрделі команда — «Борнмут». Марко Розенің шәкірттері бұл кездесулерде сырт алаңда «Манчестер Сити» мен «Ньюкаслға» қарсы ойнайды, ал өз алаңында «Эвертон», «Брентфорд» және «Ливерпуль» клубтарын қабылдайды.
Қиындық деңгейі осы аралықтағы қарсыластардың орташа рейтингі бойынша есептеледі, және бұл көрсеткіш бойынша «шие түстілер» 93.3 баллмен көш бастап тұр. Ең жеңіл бастау — «Манчестер Юнайтед» командасында.
Майкл Каррик баптайтын ұжым алғашқы бес ойында сырт алаңда «Халл Сити», «Эвертон» және «Фулхэммен» кездеседі, ал өз алаңында «Ипсвич Таун» мен... «Манчестер Ситиді» қабылдайды. Қарсыластардың орташа күші — 89.3.
Дастан Сатпаевтың «Челсиі» алтын орталықта — «зейнеткерлер» қарсыластарының орташа күші 91.4 болып, маусым басындағы қиындық деңгейі бойынша оныншы орында тұр. Айта кетейік, бұған дейін Хаби Алонсо командасының алғашқы ойындары белгілі болған еді.
