locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина ашуға булықты: қазақстандық теннисші жаттығу кезінде бапкеріне дөрекі сөйледі

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирі қарсаңында жаттықтырушысы Стефано Вуковқа қатаң ескерту жасады
Теннис
Рыбакина ашуға булықты: қазақстандық теннисші жаттығу кезінде бапкеріне дөрекі сөйледі
ФОТО: Getty images

Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласындағы жаттығу кезінде болған жағдайдан кейін көпшіліктің назарына ілікті. WTA қорытынды турниріне дайындық барысында спортшы өзінің бапкері Стефано Вуковқа дөрекі сөйледі. Олардың әңгімесі тікелей эфирге түсіп қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

5 қарашада әлеуметтік желілерде Рыбакинаның жаттығуынан түсірілген бейнежазба тарады. Кадрларда қазақстандық теннисшінің жанында тұрған жаттықтырушысына дауысын көтеріп, өзіне жақынырақ келуін сұрағаны естіледі.

«Осында тұр. Мен сенімен сөйлесіп жатырмын! Мына жерге келіп тұра аласың ба?» – деді Рыбакина Вуковқа.

Осыдан кейін теннисші мен бапкері әңгімесін жалғастырған. Алайда бейнежазбадағы кейінгі сөздерді анық есту мүмкін емес. Біраз уақыттан соң Рыбакина, Вуков және командасының өзге мүшелері үзіліс жасап, өзара сөйлескен.

Бұл жағдай WTA қорытынды турниріне қатысушылардың жаттығу кезіндегі әңгімелері ашық микрофон арқылы эфирге тараған тұста назар аудартты. Бұған дейін америкалық Джессика Пегуланың бапкерімен сөйлескен сәті де тікелей көрсетілімге түсіп қалған еді. Сол әңгімеде Пегула ресейлік Мирра Андреева мен оның жаттықтырушысы Кончита Мартинестің әрекеттерін сынға алған.

Кейін WTA спортшыларға жаттығу алаңындағы микрофондардың қосулы тұрғаны алдын ала ескертілмегені үшін кешірім сұрады.

Еске салайық, WTA маусымының қорытынды турнирі 8–15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте өтеді. Рыбакина жарысқа әлемнің бірінші ракеткасы әрі былтырғы чемпион ретінде қатысады. Қазақстандық теннисші америкалық Кори Гауфф пен Джессика Пегула, сондай-ақ чехиялық Линда Носковамен бір топқа түскен.

Рыбакина алғашқы кездесуін 8 қарашада Линда Носковаға қарсы өткізеді. Турнир ережесіне сәйкес, әр теннисші топтағы үш қарсыласымен ойнайды. Нәтижесінде үздік екі спортшы жартылай финалға жолдама алады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie